28 сәуір 2016 | 11:41

Бас прокурор жерді шетелдіктерге сату туралы қауесет таратқандарды жазалауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prokuror.gov.kz © prokuror.gov.kz

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов жерді шетелдіктерге сату туралы айдап салу мәніндегі мәліметтерді таратушылардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов жерді шетелдіктерге сату туралы айдап салу мәніндегі мәліметтерді таратушылардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы айдап салу мәніндегі жалған мәлімет тарату деректері пайда болды. Бұл әрекеттерде заңсыз акциялар өткізуге және оларға қатысуға үндеулер бар, бұл үндеулерде әлеуметтік және ұлттық араздық тудыру белгілері бар. Осыған байланысты Бас прокуратура бұл әрекеттердің қазіргі заңнаманы өрескел бұзу болып саналатынын әрі әкімшілік және оның қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 174, 274 және 400-баптары және ӘҚБтК-ның 488-бабы) тартуды көздейтінін ескертеді", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура жеке және заңды тұлғаларды жоғарыда көрсетілген заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырады.

"Мен елдің барлық азаматына айтамын, әсіресе журналистік және желілік қоғамдастық өкілдеріне заңдылықты сақтауды сұраймын. Бас прокуратура прокурорлық бақылауды күшейтеді", - деді Жақып Асанов.

Бас прокурордың прокуратураның барлық аймақтық органдарына осы саладағы заңбұзушылықтарды өз уақытында анықтап, алдын алуды, қоғамдық тәртіпті сақтап, қазіргі заңнаманы орындау бойынша тапсырма бергені айтылады.

"Тәртіп сақтау органдары заңда қарастырылған шараларды өз уақытында қабылдауы керек, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуы тиіс", - деп атап өтті өз үндеуін Жақып Асанов.

Еске салайық, 24 сәуірде Атырау орталығындағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңға халық Жер кодексіндегі нормаға наразылық білдіру үшін жиналды. Ресми мәліметтер бойынша, Атырау қаласының орталығында 650-700 шамасында адам жиналып, Жер кодексіндегі нормаларға деген наразылығын білдірді. Шеруге қатысушыларға Жер кодексіндегі нормалар түсіндірілді, сонымен қатар, ұсыныстарды жазбаша түрде жолдау ұсынылды. "Тыныштықты сақтайық, жағдайды ушықтырмайық. Ұсыныстарыңызды қағазбен жолдаңыздар. Біз шұғыл түрде оларды қарап, қажет болса жоғарыдағы органдарға жеткіземіз", - деді Атырау облысының әкімі Ноғаев.

Осыдан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді. 

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

"Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет - жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек. Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, 25 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети