Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.17
EUR / KZT - 401.25
CNY / KZT - 51.84
RUB / KZT - 5.31

Бас прокурор ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты тапсырма берді

16 Наурыз, 15:43
1
Қайрат Қожамжаров.
Қайрат Қожамжаров.

Арнайы прокурор ОҚО-да зорланды делінген жеті жасар балаға қатысты істі өндіріске қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, процестің барлық қатысушысының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатыны айтылады.

"Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында.  Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарының құпиялылығын сақтау қажеттігін ескертеміз. Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген Бас прокуратураның сайтында.

Сонымен қатар, тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізілетіні айтылады.

Мұның алдында ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген жеті жасар баланың анасы онымен байланысқа шыққанын айтып, баланың бүгін анасымен кездесетінін айтқан болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. 

Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай