11 желтоқсан 2023 | 14:55

Бас прокурордың орынбасары Сатыбалдыұлының өтінішіне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан әлеуметтік желіде Сатыбалдыұлы мемлекетке қомақты қаржы аударып, биліктің өтеуін беріп құтылды деген қауесетке қатысты пікір беруді сұрады. Алайда Шындалиев бұл болжамға келіспеді.

Бұл ретте ол "кез келген сотталған адам мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы" екенін атап өтті.

"Ешқандай "өтеуін беріп құтылу" деген сөз жоқ, бірден айтайын. Бірақ ол өтініш беріп жатыр. Әрбір сотталушының өтініш беру құқығы бар, түсінесіз ғой? Бізде кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны, террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарға ғана шектеу бар. Қалған барлық сотталғандар осындай өтініш бере алады", - деді Шындалиев.

Бұл ретте ол мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды өтінді.

"Бірден ескертемін, кез келген адамның арыз беруге құқығы бар, бұл арызды сот қарайды, оны бергені бірден босатылатынын білдірмейді. Сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Сот тәжірибесінде өтініштен бас тарту жиі кездеседі", - деді Әсет Шындалиев.

Еске салайық, 2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды; 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer