03 қараша 2020 17:25

Бас санитар дәрігер ШҚО-дағы коронавирус бойынша жағдайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Марат Исмаилов өңірдегі коронавирус бойынша жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Марат Исмаилов өңірдегі коронавирус бойынша жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдың 2 қарашасында 226 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілері бар 173 жағдай. 13 қала мен аудан тұрғындарынан да коронавирус анықталды. Жаңа жағдайлардың ішінде Өскеменде - 100, Алтай ауданында - 28, Семейде - 23, Риддерде - 18, Ұлан ауданында - 17 және Глубокое ауданында - 10 жағдай. Қалған аудандарда - бес-алты жағдайдан.

2 қарашада 10 521 жағдай тіркелді (пандемия басталғалы бері). 8 508 адам айықты. Осылайша науқастар саны өсіп жатыр. Салдарынан облыс коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа кірді", - деді Марат Исмаилов.

ШҚО коронавирус жұқтырғандар саны бойынша "қызыл аймаққа" енді
 
Сондай-ақ, ол коронавирусқа тест тапсыру орындарындағы кезектер туралы айтты. Ол енді мұндай жағдай болмайтынын және Семейде тағы екі зертхана ашылғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети