“Басқа елге көшіп, зейнетақы алуға болады“: министр ЕАЭО артықшылықтары туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Басқа елге көшіп, зейнетақы алуға болады“: министр ЕАЭО артықшылықтары туралы айтты Фото:depositphotos.com

Қазақстандық бизнес үшін елдің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болуы қаншалықты тиімді? Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық бизнес үшін елдің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болуы қаншалықты тиімді? Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан үшін ЕАЭО-ға мүше болу тиімді, атап айтқанда, Ресей еліміздің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі және ол арқылы біз басқа нарықтарға шығамыз.

"ЕАЭО-да оны тиімді ететін көптеген артықшылық бар. Мәселен, одаққа мүше елдер ішкі порттарға қарай жүргенде ішкі тарифтерді пайдаланады. Бұл өте үлкен көліктік тиімділік береді. Бізде өнеркәсіптік кооперацияны қолдау механизмі жұмыс істейді. Біз антидемпингтік қаражаттан түсетін сомалар есебінен банктік қарыздар бойынша мөлшерлемені субсидиялаймыз. Бұған дейін тек өнеркәсіптік кооперацияны қарастырсақ, енді қосымша агроөнеркәсіптік сектордағы кооперацияны да қарастырамыз", - деді Серік Жұманғарин Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы кулуарында.

Вице-премьер басқа артықшылықтар қатарында кедендік шекара жоқтығын және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысын атап өтті.

"Көптеген мәселе біріздендірілген, мәселен, зейнетақы экспорты бар. Яғни, басқа елге көшіп кетсең де, жұмыс істеген елің зейнетақыңды аударып отырады, яғни экспорттайды. Жоғары білім туралы дипломдар танылады. Бұл да өте маңызды. Демек, еңбек ресурстарының мобильділігі бар. Қателеспесем, қызметтің 162 түрі бойынша бүгінде үйлестіру жұмыстары жүргізілді. Сен компания ашпай-ақ, барып, басқа елде осы қызметтерді көрсете аласың", - деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Шенеуніктің сөзінше, кейінгі 10 жылда Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 5 миллиардтан 10 миллиард долларға дейін өсті. Тауар айналымы 15 миллиардтан 30 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте үшінші елдермен тауар айналымы 60 миллиардтан 113 миллиард долларға дейін ұлғайды.

Еске сала кетейік, 28 мамырда Астанада ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының қатысуымен V Еуразиялық экономикалық форум өтті. Өз сөзінде Қазақстан Президенті ЕАЭО елдеріне үндеу жасады.

"Жаңа технологиялық және экономикалық қалып негізінде қайта құрылып жатқан әлемдік тәртіптің қазіргі кезеңі елдерімізге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Келешектегі позициямызды нығайту үшін оны ұтымды қолданған жөн. Біз осы тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша пайдалануға міндеттіміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елдер алдында Еуразиялық экономикалық одақ әлеуетін одан әрі қарқынды дамыту мен нығайтудың стратегиялық маңызды міндеті тұрғанын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +25
Ақтау +16
Ақтөбе +13
Атырау +14
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +16
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер