21 қазан 2021 17:09

"Басқалар үшін санақтан өтеді". Статистика бюросы ақпаратқа түсініктеме берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қазақстандықтардың ЖСН деректер базасы арқылы басқа адамдар үшін халық санағынан өтеді деген хабарлама таралып жатыр. Ұлттық статистика бюросында осы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қазақстандықтардың ЖСН деректер базасы арқылы басқа адамдар үшін халық санағынан өтеді деген хабарлама таралып жатыр. Ұлттық статистика бюросында осы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат Qumash Telegram каналында пайда болды.

"Квазимемлекеттік сектордан келген аты-жөні белгісіз адам басқа Қазақстан азаматтарының орнына онлайн-санақтан өтуге мәжбүр болатынын айтты. Оларға ЖСН, жеке куәлік нөмірлері, мекенжайлары бар файлдар жіберіледі. Әр қызметкер 400 қазақстандықтың атынан санақтан өтуі керек", - деп хабарлады арна авторлары әлеуметтік желілердегі хат алмасудың скриншоттарын тіркеп.

Ұлттық статистика бюросы мұндай талап қойылмағанын айтты.

"Осындай деректер анықталған жағдайда сайтта көрсетілген телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз sanaq.gov.kz. Азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығына еліміздің заңнамасы кепілдік береді",-деп хабарлады бюроның баспасөз қызметі.

Бюро ел азаматтарының көптеген өтініштері бойынша онлайн санақты қайта бастау туралы шешім қабылданғанын айтты. Ол халық санағын өткізудің соңына дейін қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети