29 қаңтар 2022 19:51

Баспасөз хатшысы Тоқаевтың қаңтардағы оқиғалар туралы сұхбаты неге орыс тілінде екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғалары туралы сұхбаты неге орыс тілінде екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғалары туралы сұхбаты неге орыс тілінде екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін республикалық телеарналардан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Осыған байланысты Президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді деген сауалдар келіп түсіп жатыр. Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік.

Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда Президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек "Хабар24" телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те .

Бүгін, 29 қаңтарда "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

Берік Уәли жариялаған ақпарат бойынша, Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети