Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес барысында Президент қоластындағылардың жемқорлық әрекеттері үшін басшыларын қызметінен босату қағидаты енгізілгенін еске сала отырып, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту керегін айтты.

"Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан, оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін  әзірлеуді тапсырамын.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн. Сыбайлас жемқорлық пен басқару ісіндегі олқылықтардың ара жігін нақты ажырата білу қажет", - деді Тоқаев.

Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети