18 шілде 2020 16:39

Баталов Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар санының көбею себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото әкімнің Facebook желісіндегі парақшасынан Фото әкімнің Facebook желісіндегі парақшасынан

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аймақтағы коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аймақтағы коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы кезде бірқатар аудан, қала әкімдері коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жұмыстарын босаңсытып алды. Ол "оған кейбір облыстық бақылаушы құрылым басшыларының сырқаттануы сияқты объективті себептермен қатар басқа да факторлар әсер еткені белгілі" деп қосты.

"Сонымен қатар белгісіз себептермен оперативті штабтың жұмысы тоқтап қалған, бірақ ең бастысы - инфекциялық және провизорлық бөлімдердің жұмыс алгоритмі бұзылған. Жекелеген жағдайларда коронавируспен ауырған азаматтармен байланыста болған, "қызыл аймақта" саналатын медицина мамандары қоғамдық көлікпен қатынап, отбасы ортасына оралып жүрген. Мұндай жағдайлардың мен аудан, қала әкімдерімен өткізген селектор жиыны барысында Талдықорған, Текелі қалалары мен кейбір аудандарда орын алғанын анықтадым. Бұл ең алдымен жергілікті жерлердегі әкімдердің, денсаулық сақтау басқармасы басшылығының олқылығы, медицина мекемелері бас дәрігерлерінің санитарлық нормаларды өрескел бұзуға жол бергенінің салдары.

Осының барлығы және басқа да факторлар, әсіресе, Талдықорған мен Текелі қалаларында індеттің жылдам артуына себеп болды, бұл қалаларда коронавирустың өсімі сəйкесінше 11-12 пайызды құрап отыр", - деп жазды Баталов Facebook желісіндегі парақшасында.

Әкім барлық аудан, қала әкімдеріне халық арасында вирустың одан әрі таралуына жол бермеудің тиісті шараларын қабылдауды, облыс тұрғындарына тиісті деңгейде ем жасауды ұйымдастыру, стационарларды қажетті төсек санымен, медикаменттермен, барлық қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен қамту тапсырылғанын хабарлады.

"Қысқа мерзім ішінде халық үшін ПЦР талдау жасайтын тағы бірнеше қосымша зертханалар ашу жүктелді. Осы жұмыстардың барлығын тез арада бастауды, оның нәтижелері туралы жедел штабты күнделікті хабардар етіп отыруды тапсырдым. Мұндай шараларды қабылдауға қажетті барлық мәселелер шешілген, облыстық бюджет қайта қаралып, барлық қажетсіз бағдарламалар қысқартылып, мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге және медицина мамандарын қолдауға қажетті көлемде қаржы бөлінді. Жалпы коронавируспен күрес шараларының өзіне ғана жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді", - деді ол.

Сондай-ақ Амандық Баталов қазіргі ауыр кезеңде сырқаттарға, медицина мамандарына қайтарымсыз, шын пейілмен азық-түлік, дəрі-дəрмек, құрал-жабдық жəне басқа да қажеттіліктер əкеліп беріп, қолдау көрсеткен барша жандарға шын жүректен алғысын айтты. 

Еске салайық, коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатқаны белгілі болды. Себебі әкім ентігіп, оған жүрек жеткіліксіздігі қосылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети