21 қыркүйек 2020 18:15

​Батыр Молдахметов Текелі әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/zhetysupress Фото:instagram.com/zhetysupress

Батыр Молдахметов Алматы облысы Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Батыр Молдахметов Алматы облысы Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Инженер-педагог" мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Қонаев атындағы университетін "Заңтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті "Құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет өткерген.

Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

2018 жылдың қаңтар айынан бері Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін қала әкімдігін Бақтияр Өнербаев басқарған еді. Ол қоластындағы қызметкері жемқорлық үшін сотталғаннан кейін қызметінен кеткен болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети