18 мамыр 2021 | 09:24

Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиздері пайда болды

Нұр-Сұлтанда әнші Батырхан Шүкенов ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда әнші Батырхан Шүкенов ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең үздік эскиз-идеясына байқау жариялаған, ол мамыр соңына дейін жалғасады. Ескерткіштің алғашқы эскиздері пайда болды, онда композитор әртүрлі нұсқада, оның ішінде сүйікті аспабы - саксофонмен бейнеленген.

Реклама
Реклама

 

 

Талантты әнші және композитор Батырхан Шүкенов ескерткіші қалалық саябаққа орнатылады деп жоспарланып отыр. Жоба демеушілер қаражатына жасалады.

Айта кетейік, бүгін, 18 мамыр - композитордың туған күні. Ол 59 жасқа толар еді. Әнші 2015 жылы 28 сәуірде Мәскеуде қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram