1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиздері пайда болды 18 мамыр 2021, 09:24

Нұр-Сұлтанда әнші Батырхан Шүкенов ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Нұр-Сұлтанда әнші Батырхан Шүкенов ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең үздік эскиз-идеясына байқау жариялаған, ол мамыр соңына дейін жалғасады. Ескерткіштің алғашқы эскиздері пайда болды, онда композитор әртүрлі нұсқада, оның ішінде сүйікті аспабы - саксофонмен бейнеленген.

 

 

Талантты әнші және композитор Батырхан Шүкенов ескерткіші қалалық саябаққа орнатылады деп жоспарланып отыр. Жоба демеушілер қаражатына жасалады.

Айта кетейік, бүгін, 18 мамыр - композитордың туған күні. Ол 59 жасқа толар еді. Әнші 2015 жылы 28 сәуірде Мәскеуде қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging