21 мамыр 2023 09:31

Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киік өлексесі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киік өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киік өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Охотзоопром "ӨБ мәліметінше, 19 мамырда сағат 18:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95 пайызы - төлі, 5 пайызы - аналығы. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан.

"Патологиялық материалдарды, сонымен қатар, аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети