Президент тапсырмасына сәйкес ауыл халқының әл-ауқаты мен табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.
Президент тапсырмасына сәйкес ауыл халқының әл-ауқаты мен табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.
Бағдарлама аясында соңғы екі жылда облыста 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ауылдық жерлерде 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.
Несиеге қол жеткізе алмайтын, халықтың әлеуметтік осал топтарына биылғы жылдан бастап тауарлық несие беру жүзеге асырылуда. Әзірге 195 отбасына тауарлық несие ретінде 247 бас мүйізді ірі қара, 474 бас ұсақ мал және 64 бас жылқы берілді. Жұмыстар жалғасуда.
Ағымдағы жылы өңіріміздің ең ірі кәсіпорны "Қарашығанақ" мұнай-газ компаниясымен меморандумға қол қойылып, бағдарлама аясында кәсіп ашқан тұрғындардың өнімдерін кооперациялар арқылы КПО компаниясына тікелей сату жұмыстары ұйымдастырылды.
Өнім өндірісі көлемін арттыру және саланың дамуына инвестиция тарту мақсатында 2024-2026 жылдары агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайтын, 870 жаңа жұмыс орнын құратын 38 инвестициялық жоба жоспарланса, соның ішінде биыл 19 жоба аяқталды.
Нәтижесінде өңірде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жылы 70 пайыз деңгейіне жетпек.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда биыл 642 шақырым жол жөнделіп жатыр. Президент көлік-логистика саласын жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Экономиканың күре тамыры – жол. Кез-келген өңірдің дамуына сапалы жолдардың болуы үлкен әсерін тигізеді.
Өңір бойынша бірқатар ірі жол құрылыстары жүзеге асуда.Облыстың шалғай орналасқан Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында өткен жылдардан келе жатқан республикалық маңызы бар 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде шалғай аудандардың облыс орталығымен байланысы оң шешім тапты.
Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 60 шақырымға жуық жол жөнделді.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Барбастау – Ақжайық - Индер (308 км, аяқталғаны 50 км) және Жаңақала – Бисен (210 км, аяқталғаны 23 км) бағытындағы жолдардың құрылысы жүруде.
Үкіметтің қолдауымен жыл сайын жол құрылыстарын жүргізу үшін қаражат уақытылы бөлінуде. Өткен жылы 82 млрд. теңгеге 562 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 92 млрд.теңгеден астам қаржыға 642 шақырым жол жөнделуде.
Ал, келер 2025 жылы осындай көлемдегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығы Орал қаласындағы көше жолдарын жөндеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 3,6 млрд.теңгеге Орал қаласында 58 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 4,3 млрд теңгеге 50 шақырымнан астам жол жөнделді.