06 қыркүйек 2023 10:11

Батыс Қазақстандағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дәрігерлер Батыс Қазақстан облысында атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.


Дәрігерлер Батыс Қазақстан облысында атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, атыс кезінде зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген. Барлық пациенттердің жағдайы бірқалыпты.

Оқ жарақатымен түскен 1989 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Қару жарақатымен түскен 1964 жылы туған әйел Сырым аудандық ауруханасына жатқызылды. Атыс қаруынан жарақат алған 2021 жылы туған қыз анасымен бірге Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Аралтөбе кентінде ер адам аңшылық мылтықтан бірге ішімдік ішкен досын атып тастаған еді. Оқтың ұшқан бөлшектері өтіп бара жатқан адамдарға, олардың арасында жас қызға түген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети