05 қазан 2017 12:57

Бауыржан Байбек Үлкен Алматы айналма автожолы жобасына қанша қаражат жұмсалатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек инвестициялық форум барысында Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек инвестициялық форум барысында Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы 1,5 миллиард доллардан асады. Автожол қаладағы көліктердің санын тәулігіне 40-60 мыңға азайтады", - деді әкім.

Сондай-ақ, ол соңғы он жылда Алматыда 30 жолайрықтың салынғанын, алайда олардың кептеліс мәселесін шешуге көмектеспегенін айтып өтті.

"Тұрғындар екі апта уақыттай қуанып қалды (жаңа жолайрық пайда болғанда - автор.), сосын өздері сол жерлерде кептелісте тұрады. Бұл жаһандық проблеманы шешпейді. Сондықтан да қазір біз "Алматы - жаяу жүргіншілерге арналған қала" жобасына көшеміз. Автобустарға арналған арнайы жолақтардың саны көбейеді", - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала әкімі 2018 жылдың ортасында Алматыда неміс электравтобустарын шығаратын зауыт ашылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети