12 шілде 2022 12:10

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі бостандыққа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытбек Есентаев. Фото әлеуметтік желіден Бақытбек Есентаев. Фото әлеуметтік желіден

Сот Баян Мақсатқызының экс-жұбайы Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сотына сілтеме жасап.


Сот Баян Мақсатқызының экс-жұбайы Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сотына сілтеме жасап.

Қапшағай қалалық соты 12 шілдеде Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады.

"Сотталушы және оның адвокаты өтінішті толығымен қолдап, қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті.

Есентаевтың жазасын өтеу кезінде 11 көтермелеу болған, бір өтелген жаза бар, жазаның үштен екі бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай және 2 күнін өтеген, мінез-құлқының үш оң дәрежесі бар. Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін түсінді және жасаған ісіне өкінетінін айтты", - деді сот өкілдері.

Қапшағай қалалық сотының қаулысымен Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети