04 наурыз 2017 00:25

Баян Есентаева ҰБТ сұрақтарына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Продюсер Баян Есентаева ҰБТ сұрақтарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Продюсер Баян Есентаева ҰБТ сұрақтарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

Айта кетейік, жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баян Есентаева және тағы да әртіс-шоумендердің аты аталған еді. Бұған қатысты әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туған.

"Мұндайға қалай пікір білдіруді өмірімде бірінші рет білмей тұрмын, министрдің бір білгені бар шығар, сондықтан келісемін. Барлық жаңалықтың 20 пайызы менің атыммен байланысты болса, мектеп оқушыларына емтихан тапсыру іш пыстырмайды деп ойлаймын", - деп пікір білдірді Есентаева.

Ал осыған дейін ҰБТ сұрақтарына шоу-бизнес өкілдерінің не себепті енгізілгенін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсіндерген болатын.

"Мен бұл сұрақты өзім көрмедім. Мүмкін көру керек шығар. Ал жалпы сұрақтар Қазақстанның Олимпиада чемпиондары жайлы, танымал жазушылар мен суретшілер, әншілер жайлы болады. Нағыз тестілеу кезінде қандай сұрақтар болатынын әлі талқылаймыз", - деді министр.

Сонымен қатар, министр мұның сынақ түрінде жүргізілген тест екенін айтты. "Балалар осы сұрақтармен жаттығады. Бұл сұрақтар газеттерден, журналдардан, теледидарлардан алынып жатыр. Сіздер Баян Есентаева жайлы жазасыздар ғой? Не үшін жазасыздар? Мәтіндер сайттардан және газеттерден алынып, студенттерге берілді. Міне, мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сіз жазсаңыз, оны біз неге алмаймыз? ", - деді министр. Сондай-ақ, министр сайттағы материалдардың 20 пайызының Баян Есентаева жайлы екенін айтты. "Студент осылайша сұрақтарға дайындалады. Талапкер ҰБТ-ға келгенде оған қандай сұрақтың келетінін білмейді. Мысалы, сұрақтар Винокуров туралы, мәдениет туралы болуы мүмкін", - деп түсіндірді Сағадиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети