20 қазан 2016 | 09:30

Баян Мақсатқызының кешірімін алған Есентаев жазадан құтыла ма? Адвокаттың пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Адвокат Джохар Өтебеков продюсер Баян Мақсатқызының күйеуін кешіру туралы шешімінің сотқа қалай әсер ететіні жайлы пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Джохар Өтебеков продюсер Баян Мақсатқызының күйеуін кешіру туралы шешімінің сотқа қалай әсер ететіні жайлы пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

19 қазанда продюсер Баян Мақсатқызының сотта күйеуіне кешірім беріп, сот залында босатуды сұрағаны белгілі болды. Айта кетейік, істі Талдықорғанда алқа билер соты қарап жатыр. Бақытбек Есентаев бірнеше бап бойынша айыпталып отыр: "Адам өлтіруге оқталу", "Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер".

Tengrinews.kz тілшісі тәуелсіз сарапшы, белгілі адвокат Джохар Өтебековтің осыған байланысты пікірін сұрап-білді. 

"Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер" баптары бойынша ол жақта бірінші бөлігі - бұл орта деңгейдегі қылмыс. Осы екі бап бойынша судья тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуға міндетті. Ал "Адам өлтіруге оқталу" бабына келсек, егер бұл бап денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру немесе басқа бапқа ауыстырылмаса, егер осы бап қалатын болса, сот жазалау шарасын өзі таңдай алады. Кісі өлтіруге оқталу деген айып тағылғанда сотталушыны бостандығынан айырмаған жағдайды көрмеппін. Бұл жаза жәбірленушінің пікіріне қарамастан, тағайындалады. Себебі бұл аса ауыр бап. Бұл бап бойынша шартты түрде жазалауға тыйым салынған", - деп түсіндірді Джохар Өтебеков.  

Сонымен қатар, ол "Адам өлтіруге оқталу" бабы басқа бапқа ауыстырылса, қандай жазаның қолданылуы мүмкін екенін айтып берді. "Егер бұл бап ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігіне ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") ауыстырылса, онда сот тараптардың ымыраға келуіне байланысты әдетте бостандығынан айырмай, тек шектеп қана қояды", - деп атап өтті адвокат.

Айта кетейік, сот отырысында продюсермен Грузияда бірге болған "Лашын" тобының мүшелерінен де жауап алынды.  Продюсер мен күйеуінің арасындағы жанжал осы сапардан кейін болған. Баян Мақсатқызының айтуынша, ол әуежайда таксиге отырған соң, кенеттен көлікке күйеуі кіріп отырған. Содан олар сонда сөзге келген. Бақытбек Есентаев әйелін аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Ота жасатқан Баян Мақсатқызы кейіннен тегін де өзгертті.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети