27 наурыз 2018 | 12:43

Байбек Кемеровтегі қайғылы жағдайдан кейін сауда орталықтары мен балабақшаларды түгелдей тексеруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Алматыда барлық сауда-көңіл көтеру орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындаға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер ұйымдастырылады. Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда барлық сауда-көңіл көтеру орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындаға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер ұйымдастырылады. Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігіне орай кемшіліктер анықталса, онда тиісті шаралар қолданылады.

Сондай-ақ, қазіргі кезде Алматыда 128 ойын-сауық орталығы, 46 базар, 170 мейманхана, қонақүй мен хостел, қоғамдық тамақтанудың 2 мыңнан аса орны, 300-ден аса денсаулық сақтау нысаны, 700- ден аса балабақша, 200 орта білім беру нысаны және тағы басқа нысандар бар екені айтылады.

Қазақстандағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі қалай тексеріледі?

Осыған дейін Астана әкімдігінде де сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы мәселе талқыланған болатын. Жиын барысында Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети