Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына олардың болашағы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Химия-биология бағытындағы мекеме 960 оқушыға арналған. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жаратылды.
Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына олардың болашағы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Химия-биология бағытындағы мекеме 960 оқушыға арналған. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жаратылды.
Жаңа Назарбаев зияткерлік мектебінде 300 орындық жатақхана бар, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар оқиды. Құрылысшының мәліметінше, білім беру мекемесі Қазақстандағы ең ірісі. Оның территориясы - 5,7 гектардан асады. Мектепте екі үлкен спорт залы бар, футбол және баскетол алаңдары, сонымен қатар, балалардың ауылшаруашылық өсімдіктерін егуіне мүмкіндік беретін бақша бар. Құрылыс жұмыстары үш жыл жүрді. Ғимараттың жалпы ауданы 103 мың шаршы метр.
© Әлішер Ахметов
Алматының әкімі ғимаратты қарап шығып, жаңа Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу конкурсында бір орынға 7-8 адамның таласатынын атап өтті. "Сендер үздіксіңдер. Сондықтан жақсы оқу керек. Сендерге мол жауапкершілік артылып отыр. Алматы білім беру саласында көш бастап тұрған қала. Мұнда айтарлықтай бәсеке бар. Төрт жыл бойы ҰБТ-да ең жоғарғы көрсеткіш болды. Қалада мамандандырылған алты мектеп бар. Физмат бар, өте жақсы мектеп. Бүгінде министрліктердің, мемлекеттік органдардың басшылары физматтан шыққандар. Сонымен қатар, ҚТЛ бар, онда да айтарлықтай бәсеке бар. Әрбір мектеп - бұл рух, мәдениет, ата-аналарыңның қатысуы. Сіздерге ең бастысы сәттілік. Оқу, оқу және ештеңеден қорықпау, Президентіміз сияқты. Білім - бұл өте жақсы, бірақ тәрбиесіз білім ештеңеге де жеткізбейді. Өз елдеріңнің патриоты болыңдар. Тәртіпті болыңдар. Бір жағынан алып қарағанда барлығың бәсекелессіңдер, ал екінші жағынан сендер доссыңдар, бір командасыңдар. 2050 жылдары сендер 48-де боласыңдар. Егер жақсы оқитын болсаңдар, сол Қазақстанды сендер құрасыңдар. Балаларың мен немерелерің болып, қуанасыңдар, өз елдерің үшін еңбектенесіңдер. Елді құру үшін физиктер, химиктер, математиктер, биологтар қажет. Барлығы сендердің қолда. Осы асудан өтулерің үшін барлық жағдай жасалған", - деді Байбек.
Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің қандай құрылғылармен жабдықталғанын және оның батыс елдерінде де жоқ екенін атап өтті. "Мұндай жағдай ол жақтарда жасалмайды. Барлық ата-ананы, әжелер мен аталарды құттықтағым келеді. Барлық баланы дамыту керек. Білім ғана емес, тәрбие де болуы керек. Жастар патриот болуы үшін алдарына сенімді мақсаттар қоюы үшін, өз халқын сүюі үшін. Мұғалімдер өте мұқият конкурстан өтті. Мұнда жалақы Алматы бойынша деңгейден екі есе көп", - деді ол.
Еске сала кетейік, Алматыдағы 864 орындық бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі 2014 жылдың 4 шілдесінде ашылған болатын. Физика-математика бағытындағы мекемеге білім алуға 672 оқушы қабылданды. Айта кетейік, ал бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі Астанада 5 жыл бұрын салынған еді. Мекемеде роботтар техникасы, жылыжай және телестудия бар. Оқушылар мектепке қабылданар алдында тестілеуден өтті, тестілеулер шетел мамандарының қатысуымен өтті. Мұғалімдер де мектепке арнайы конкурстан өткеннен кейін ғана жұмысқа тұрды. Жұмысқа шетелдің 22 мұғалімі қабылданады делінді. Білім беру мекемесінің басшылығы түлектердің шетел жоғары оқу орындарына түсе алатынын және емтихандарды ағылшын тілінде тапсыра алатынын айтты.