04 шілде 2014 11:54

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі. ©Әлішер Ахметов Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі. ©Әлішер Ахметов

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебі өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Физика-математика бағытындағы білім мекемесіне 672 оқушы қабылданған. Алматыдағы Назарбаев мектебі - Қазақстандағы 16-шы зияткерлік мектеп. Бүгінде Алматы, Ақтау, Қостанай және Петропавл қалаларында тағы осындай төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде барлығы 10 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Алғашқы Назарбаев мектебі бес жыл бұрын Астанада ашылған болатын. "Бұл мектептің ашылуы айтулы мереке - Астана күні қарсаңына сәйкес келіп отыр, мұның символдық мәні бар. Сонымен бірге, мектеп біздің қалада білім жылы жарияланған уақытта ашылып тұр. Бұл мектеп түлектерінің лайықты азамат, өз елінің патриоты болып өсіп, тамаша жетістіктерге жететініне сенімдімін", - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылу салтанатында.

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі Hohenloher зертханалық жадбығымен жарақтандырылған. Жиһаз еденге мықтап бекітілмейді, ол жүргізілетін сабақ түріне қарай жылжымалы болады. Ғимаратта робот техникасы кабинеті, жылыжай мен телестудия да бар. Оқушылар мектепке қабылданар алдында шетел мамандарының қатысуымен тест тапсырған. Мұғалімдер де сынақ негізінде жұмысқа қабылданды. Мұнда шетелдік 22 оқытушы жұмыс істейтін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети