29 шілде 2020 16:12

Байбек Назарбаевтың қандай тапсырма бергенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек Бауыржан Байбек

Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай тапсырма бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай тапсырма бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nur Otan партиясының төрағасының бірінші орынбасары Facebook желісіндегі парақшасында праймериз сайлауы онлайн режимде өтетінін айтты. 

"17 тамыз бен 3 қазан аралығында праймериз өткізу жоспарланғаны белгілі. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет ол жалпыреспубликалық партияішілік масштабта өтеді. Бұл партиямыздың "қайта жаңғыруының" және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі.

Праймериздің негізгі мақсаты - партиялық тізімдерді бәсекелі және айқын негізде қалыптастыру. Нұротандықтар еліміздің барлық аймағында қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері анықтайды.

Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы тыйылар емес және өміріміздің барлық саласына әсер етіп жатыр. Карантин және әлеуметтік оқшаулану жағдайында біз қашықтан жұмыс істеп, өзара әрекет етуге мәжбүрміз. Мұндай жағдай Қазақстанда және әлемде қашанға дейін созыларын ешкім де болжап айта алмайды. Бұл – ішкі саяси процестерді де осыған бейімдеуді талап ететін жаңа құбылыс. Себебі барлығымыз үшін негізгі басымдық - азаматтарымыздың денсаулығы", - дейді Байбек. 

Бауыржан Байьек партия қызметін цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар 2014 жылдан-ақ басталғанын айтты. 

"Nur Otan елімізде алғашқы болып "Электронды партия" ауқымды жобасын іске асыруға кірісті. Партияның орталықтандырылған деректер базасы, онлайн қоғамдық қабылдауы, веб-порталы жасалып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жаңа коммуникация арналары енгізілді.

Жаңа цифрлық мүмкіндіктерді халық та қарқынды қолданып жатыр. Карантин енгізілген сәттен бастап партияға онлайн жүгінушілер саны 5,3 есе, оның ішінде Facebook пен Instagram арқылы - 17,5 есе, ал Whatsapp бойынша - 9,5 есеге артты. Партияның қоғамдық қабылдауына бірінші жартыжылдықта 224,1 мың адам хабарласты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өскен. Осы мәселелердің көбі шешілді және бірқатары партия бақылауында.

"Электронды партия" жобасы "Праймериз" ақпараттық жүйесін әзірлеуге негіз болды. Ол веб-портал мен мобильді қосымшадан тұрады. Бұл ретте біз шетелдік озық тәжірибелерді зерттеп, тиісінше қолдандық. Сондықтан "Праймериз" жүйесін әзірлеуге қызу атсалысқан ІТ-мамандар тобы мен партия мүшесі Асқар Жұмағалиевке ерекше алғыс айтқым келеді", - деді Байбек. 

Бауыржан Байбектің айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір мәслихат пен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерде кемінде 20 пайыз 35 жасқа дейінгі жастарды қамту жоспарланып отыр.

"Адал да бәсекелік негізде праймериз өткізу бәріміз үшін маңызды. Сарапшылар қоғамдастығы ағымдағы қоғамдық-саяси мәселелерді шешуде бұдан үлкен үміт күтіп отыр. Мұны таяуда өткен Nur Otan жақтастары Лигасының дискуссиясы нақты көрсетті", - деді Байбек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети