Байбек Назарбаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байбек Назарбаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың партия төрағасы өкілеттігін беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың партия төрағасы өкілеттігін беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Билік партиясы төрағасының өкілеттігін Қасым-Жомарт Кемелұлына беру - Қазақстандағы билік транзитіне толық сәйкес келетін, қисынды шешім. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Кемелұлы Nur Otan партиясының негізін қалаушылардың бірі болды. Ұзақ уақыт бойы саяси кеңес бюросының - негізгі шешімдерді қабылдайтын партияның басқарушы органына мүше болды", - деді Байбек.

Ол 2019 жылы Президент лауазымына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan атынан ұсынылғанын еске салды. Кейінгі парламенттік сайлауда партия Мемлекет басшысы ұсынған сайлауалды бағдарламасымен сенімді жеңіске жетті.

"Енді, Елбасы айтқандай, Nur Otan қоғамды ел Президентінің мемлекеттік бағыты төңірегіне шоғырландыруы керек. Бұл ел ішіндегі және сыртындағы әрбір адамға билік монолитінің және сабақтастық саясатына ортақ міндеттеменің айқын белгісі.

Бұл қадам қос өкімет туралы түрлі инсинуациялар мен түрлі конспирологиялық теорияларды толығымен жоққа шығарады", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, Байбек "Елбасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында билеуші партия мен ел үшін осындай маңызды шешім қабылдауы" символикалық белгі деп атады.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беретіні хабарлаған болатын. Кейін Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan төрағасы өкілеттігін беру туралы шешімін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети