Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Айдос Үкібай Назарбаевтың шешімін түсіндірді 23 қараша 2021, 16:21

Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan төрағасы өкілеттігін беру туралы шешімін түсіндірді, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan төрағасы өкілеттігін беру туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Әбішұлы атқаратын қызметіне қарамастан, ұлтымыздың көшбасшысы - Елбасы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері, әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді тұлға болып қала беретінін түсіну керек.

Қазіргі Қазақстанды құруға бастама болған, елге бар жанын берген және оған бүкіл өмірін арнаған адам әрқашан халық мүддесімен өмір сүретінін, ұлттың және бүкіл ел болашағы үшін күресетінін әркім түсінеді деп ойлаймын. Елбасының бұл ұстанымы өзгеріссіз қалады", - деп түсіндірді Айдос Үкібай Tengrinews.kz тілшісіне.

Ол Назарбаевтың бүгінгі шешімі билік транзитінің заңды жалғасы ғана екенін айтты.

"Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Nur Otan партиясы, әсіресе, қазір пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Президентінің басты тірегі болуы керек.

Партия жарғысына сәйкес, оның төрағасын сайлау және қызметтен босату Nur Otan партиясы съезінің айрықша құзыретіне жатады. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала береді", - деп қосты Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram