11 наурыз 2022 12:56

Байденнің жарлығы КҚК арқылы Қазақстан мұнай саудасына тыйым салмайды - АҚШ елшілігі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресейлік энергия тасымалдаушыларына салынған тыйым қазақстандық мұнайдың транзитіне әсер етпейді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік энергия тасымалдаушыларына салынған тыйым қазақстандық мұнайдың транзитіне әсер етпейді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 8 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Ресейді экономикалық ресурстардан айыру үшін, АҚШ-қа Ресейден мұнай, сұйытылған газ және көмірді импорттауға тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.

"Аталған жарлық Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы қазақстандық шикі мұнай саудасына тыйым салмайды, өйткені КҚК тарату жүйесі шикі мұнайдың түрлі көздерін бөліп, Ресейден шығарылмайтын шикі мұнайды бөлек белгілеуге және тиеп жіберуге мүмкіндік бере алады. Импортқа тыйым салу Ресей Федерациясынан АҚШ-қа белгілі бір өнімдерге қатысты", - делінген хабарламада.

Дипломатиялық өкілдік санкциялар Ресей экономикасына бағытталғанын және олардың басқа елдердің экономикасына әсерін барынша азайтуға бағытталғанын атап өтті.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен 30 жылдан астам уақыттағыдай кең ауқымды мәселелер бойынша әріптестік орнатуға дайын", - деп қосты АҚШ елшілігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети