Байжанов ісі бойынша соттағы тосын оқиға: әйел залдан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байжанов ісі бойынша соттағы тосын оқиға: әйел залдан шығарылды Бейнеден алынған кадр

Бүгін Бақытжан Байжановтың ісі бойынша кассациялық сотта тосын оқиға болды. Сот шешіміне қатты наразылық білдіріп, соттың әділетсіздігі туралы айта бастаған әйелді полиция мен сот приставтары залдан шығарып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Бақытжан Байжановтың ісі бойынша кассациялық сотта тосын оқиға болды. Сот шешіміне қатты наразылық білдіріп, соттың әділетсіздігі туралы айта бастаған әйелді полиция мен сот приставтары залдан шығарып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға бүгін Байжановтың мүддесіндегі кассациялық шағымдар қаралған отырыс кезінде болды.

Әйел сотта болып жатқан жағдайға наразылық білдіріп, залдан айқайлай бастады. Судья оған бірнеше рет ескерту жасап, тәртіп сақтауды сұрағанымен, ол тоқтамады.

Осыдан кейін судья тәртіп бұзушыны залдан шығаруды бұйырды. Полицейлер мен приставтар әйелді алып кеткен соң, отырыс жалғасты. Кейбір БАҚ өкілдері оның сотталған Бақытжан Байжановтың анасы екенін хабарлады.

Сот шешімі

Сот Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі және Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы Бақытжан Әмірханұлы Байжановқа қатысты өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттар Секеров, Теміржанов және қорғаушы Күлдееваның кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді судья шешімді оқып.

Мән-жайы

Бақытжан Байжанов - ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе қылмысты жасырды деп айыпталған болатын. 2024 жылғы 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Байжановты кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бұл ретте бұған дейін прокурор Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша тағылған тағы бір айыптан бас тартқан еді.

Байжановтың ісіндегі басты эпизодтардың бірі бейнебақылау камераларындағы жазбалармен байланысты болды. Байжановтың өзі сотта жазбаларды өшіруге тапсырма бергенін мойындады, алайда жасалған ауыр қылмыс туралы білмегенін алға тартты. Оның қорғау стратегиясының негізгі желісі де осыған құрылған болатын.

Үкім шыққаннан кейін Байжановтың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Олар қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауды сұрады. Іс Астананың апелляциялық инстанциясына 2024 жылғы 10 маусымда түсіп, қарау 26 маусымға белгіленді.

26 маусымда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Кейін Байжанов рақымшылық жасау туралы өтініш берді. 2025 жылғы тамызда сот Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң аясында оның өтелмеген жаза мерзімі үштен бір бөлікке қысқартылғанын хабарлады. Соңғы есеп бойынша оған 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді.

Байжанов 2023 жылғы 12 қарашада ұсталып, тергеу изоляторында болды, ондағы бір күн колониядағы бір жарым күнге теңестіріледі. Ол жазасын Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр. Мерзімдерді қайта есептегеннен кейін ол шамамен 2026 жылғы желтоқсанда бостандыққа шығуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер