31 мамыр 2016 16:51

Байқоңырда ғимараттарды жалға алу құны екі есе өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tourincity.ru © tourincity.ru

Байқоңырда ғимараттардың, құрылыстардың және кісі тұрмайтын бөлмелердің жылдық қосалқы жалгерлік құны екі есе қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қаулыға қала әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко қол қойды. Шешім 2016 жылдың 1 маусымында күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, енді бір шаршы метрінің жылдық қосалқы жалгерлік құнының базалық мөлшерлемесі - 250 рубль. Ал 2015 жылдың 1 сәуіріне дейінгі базалық мөлшерлемесі шаршысына 112 рубль 53 тиын еді. Бұл қаулы бюджет қаражатын қолданудың тиімділігін көтеру және Байқоңыр бюджетінің салық және салық емес жолдардан түсетін табысын көбейту бойынша шаралар жоспарына сәйкес қабылданған. 

Осыған дейін 2016 жылы 2050 жылға дейін Ресей жалдап отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағы территориясының бір бөлігінің Қазақстанның меншігіне өтетіні хабарланған болатын. Жер телімінің жалпы көлемі - 11,6 мың гектар. Жалдан шығарылатын жерде инфрақұрылым нысандары ғана емес, жұмысшы орнын көбейту мақсатында өндірістердің ашылатыны хабарланды. 

Еске салайық, Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласын 2050 жылға дейін жыл сайын 115 миллион доллар төлеп, жалға алып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети