Байқоңырдан ғарышқа "Союз МС-13" кемесі ұшырылды

21 Шілде, 10:27
0
Байқоңырдан ғарышқа "Союз МС-13" кемесі ұшырылды -

20 шілдеде кешкі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағынынан "Союз-ФГ" зымыраны "Союз МС-13" ғарыш кемесімен ұшты. Қазақстан тұрғындары әуедегі қатты жылдамдықпен қозғалған жарықты тамашалады. Желіде осы сәттің суреттері мен видеоларды жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасы бойынша, зымыранның ізін Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында көруге мүмкіндік туған. 

"Бізде Балхашта әуеде ғажайып нәрсе болып жатыр!"

"Мойынқұм ауданында (Жамбыл облысында - түсіндіру) бұл ерекше әсерлі болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес".


Балқаш көлі. © Tengrinews.kz


Фото: Р. Куанышбаев

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? Усть-Каменогорск|Oskemen (@oskemenlive)

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-13" ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұша бастаған сәттен 9 минут өткенде орбитаға шықты. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавты, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавты Эндрю Морган бар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай