24 маусым 2021 | 17:40

Байқоңырды Ресейге жалға беру уақыты ұзарады: Тоқаев заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға беру шартына Ресейге ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға беру шартына Ресейге ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент қол қойған түзетулер Байқоңыр кешенін жалға беру мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжаттарда тараптардың халық пен аумақ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері жазылған. Сонымен қатыр, Сенатта заңдар бұрын алынған міндеттемелерді үйлестіруге, сондай-ақ Байқоңыр кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретіні айтылған болатын.

Қазақстан бюджетіне Байқоңырды пайдаланғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар мөлшерінде жалдау ақысы түседі. 27 жылы ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети