10 маусым 2021 12:17

Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы "Байқоңыр" кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді", - делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

Бұған дейін Қазақстан бюджетіне Байқоңырды пайдаланғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар мөлшерінде жалдау ақысы түсетіні хабарланған болатын. Кешен жалға берілген 27 жыл ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети