04 мамыр 2023 12:32

Beeline Қазақстандағы бизнесін 302 миллиард теңгеге сатты - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Beeline брендімен жұмыс істейтін ресейлік VimpelCom компаниясы Қазақстандағы бизнесін нидерландтық VEON компаниясына 54 миллиард рубльге (302 миллиард теңгеден астам) сатты. Бұл туралы ресейлік БАҚ оператордың мәлімдемесіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 6 желтоқсанда VimpelCom еншілес ұйымы Veon Eurasia S.a.r.l. ресейлік оператор VIP Kazakhstan Holding AG еншілес ұйымы акцияларының 75 пайызын VEON Holdings B.V.-ге берді (Veon Ltd еншілес ұйымы). Бұл ретте қаражат бас компанияның оператор алдындағы несиелері бойынша қарызды өтеу ретінде есепке алынды.

Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин қазақстандық тұтынушылар мен компания қызметкерлері үшін ештеңе өзгермейтінін айтты, өйткені Beeline Қазақстан бұрын VEON тобының бір бөлігі болған. Бұрын құрылым иерархиясы келесідей болды: VEON - VimpelCom – KaR-Tel, ал қазір ол VEON - KaR-Tel болып өзгерді.

"Тікелей VEON Holdings B.V.-де бағыныштылық құрылымын ресімдеу бизнеске холдингпен өзара әрекеттесуде жылдамырақ және икемді болуға мүмкіндік береді»", - деді Настрадин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети