20 тамыз 2020 14:34

Bek Air билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Bek Air әуекомпаниясы билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сот талаптарын толық көлемде қанағаттандырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Bek Air әуекомпаниясы билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сот талаптарын толық көлемде қанағаттандырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрліктің талаптары негізінде Bek Air әуекомпаниясына қатысты  бірқатар сот талқылауы өтті. Сот талап-арыздарды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл 990 тұтынушының 60 миллион теңгесі", - деді Сұлтанов халықпен есептік кездесуде.

Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған болатын. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған еді. 

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы - әуе кемесіне мұз қатуы. Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс Bek Air әуекомпаниясының алдағы уақытта жұмыс істеу-істемеуі туралы шешімді 20 қаңтарда жариялайтынын хабарлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети