29 желтоқсан 2019 10:01

Bek Air ұшағы апаты: әйелді денесімен жауып қалған жігіттің әңгімесі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірлан Қадауов. Cурет: Facebook/ Әсем Жәпішева Темірлан Қадауов. Cурет: Facebook/ Әсем Жәпішева

Гүлім Әкішеваның отбасы - Алматы маңында Bek Air ұшағымен болған апатта аман қалған. Оның туысы Әсем Жәпішева Facebook желісіндегі парақшасында ұшақтағы жолаушы Темірлан Қадауовтың жанкешті әрекеттері туралы жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Гүлім Әкішева мен Темірлан Қадауов ұшақта көрші отырған. Әйелдің құрсағында 5 айлық бала бар екен. 

"Біздің батырымыз Темірлан өзінің денесімен Гүлімді жауып қалып, апаттан кейін оған ұшақтан шығуға көмектесіп, қауіпсіз жерге апарды, қалған жолаушыларға да көмектесе бастады. Темірлан - жарақатына қарамастан, өзінің батыл әрі батыр кейпінде қалып, нағыз ер адамның үлгісін көрсетті. Біз, Гүлімнің туған-туыстары Темірланға және оның ата-анасына алғысымызды білдіргіміз келеді", - дейді Гүлім Әкішеваның жақындары.

Еске салсақ, Bek Air ұшақ 27 желтоқсанда Алматы облысында апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қаза тапты, бортта 93 жолаушы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети