14 қаңтар 2020 17:33

Bek Air ұшағы апаты: қаза тапқан пилоттың қарындасы тұңғыш рет сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағы апатынан қаза тапқан пилот Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева тұңғыш рет сұхбат берді. Ол сұхбатында бауыры жайлы айта отырып, апатқа қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Bek Air ұшағы апатынан қаза тапқан пилот Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева тұңғыш рет сұхбат берді. Ол сұхбатында бауыры жайлы айта отырып, апатқа қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұратбаеваның айтуынша, отбасында төрт бала болған. Марат тұңғышы болған, сондықтан ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.

"Біз Қызылорда тумасымыз, отбасымызда төрт бала болдық. Ата-анамыз жұмысқа кетіп қалғанда барлық жауапкершілікті Марат өз мойнынан алайтын. Мектепте жақсы оқитын, маған үнемі көмектесіп жүретін, барлығының сабағына көмектесетін. Мейірімді, ұстамды, жауапкершілігі бар адам еді, музыкамен айналысатын. Пианинода, гитарада ойнайтын. Достары да көп болатын. Шетелге көп баратын, тілдерді үйреніп жүретін", -  дейді Сәуле Мұратбаева.

Оның айтуынша, бауыры кішкентай кезінен ұшқыш болуды армандаған. Мектепті бітірген соң Ақтөбедегі Азаматтық авиация училищесін бітірген.

"Таяуда сыныптастары оны еске алған еді - Марат шығармалардың барлығында ұшқыш болуды армандайтынын жазған. Ол ойын ешқашан өзгертпеген де. Содан мектеп бітіріп, үйленді, 40 жыл осы қызметте болды", - дейді ол.

Сәуле Мұратбаеваның айтуынша, бауырының артында екі баласы қалды. Ұлы - 34 жаста, қызы - 30 жаста.

"Барлығымыз бұл іс немен аяқталады деп алаңдап отырмыз. Апаттың бірнеше нұсқасы айтылып отыр. Мен үшін ағам батыр болып қала береді, себебі ол бірнеше адамды құтқарып қалды. Жерлеу рәсіміне барлық әріптесі келді. Марат қолынан келгенін жасады деп ойлаймын. Комиссияның не шешетінін білмеймін. Бірақ мен командир кінәлі екеніне сенбеймін.

Алматыда әуе апатынан зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

Логикалық тұрғыдан қарасақ, командир әр рейс алдында ұшақты тексеріп шығады. Соншама жыл жұмыс істеп жүрген тәжірибелі адам мұзды байқамауы мүмкін бе? Ол өз-өзіне жау емес шығар? Қанша сағат ұшып жүрген адам, тәжірибелі командир. Ұшқыштар, экипаж қауіпсіз жағдайда ұшып, жолаушыларды тасымалдауы керек - олардың міндеті сол", - дейді Сәуле Мұратбаева. 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған еді.

Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент кейін 28 желтоқсанды жалпыұлттық қаралы күн деп жариялаған.

Кейін ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. Кейін Ішкі істер министрлігі 12 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Көп ұзамай Төтенше жағдайлар комитеті апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының командирі қаза тапқанын хабарлаған еді. Артынша, желіде Bek Air бортымен сөйлесудің жазбасы пайда болған. 

Ал бүгін әуе апатынан зардап шеккен алты адамның ауруханадан шыққаны хабарланды. Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастырады.

Шетел басылымдары Алматыдағы ұшақ апаты туралы қалай ақпарат таратты?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети