Bek Air ұшағы құлаған үй заңсыз салынған - әкімдік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Bek Air әуекомпаниясының ұшағы құлаған үй заңсыз салынған. Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air әуекомпаниясының ұшағы құлаған үй заңсыз салынған. Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

Шенеуніктердің айтуынша, ол үй заңсыз салынған және ол жер учаскесі егістікке арналған.

Жер кодексі бойынша, бұл аумақта үй салуға болмайды дейді әкімдіктегілер.

"Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері бұл аумақта ғимарат салу туралы тапсырма бермеген. Эскиз жобасы да келісілмеген, сондай-ақ, ол нысанды пайдалануға беру туралы акт тіркелмеген", - делінген Талғар ауданы әкімдігінің жауабында.

Bek Air ұшағы апаты: қаза тапқан пилоттың қарындасы тұңғыш рет сұхбат берді

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған еді.

Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент кейін 28 желтоқсанды жалпыұлттық қаралы күн деп жариялаған.

Кейін ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. Кейін Ішкі істер министрлігі 12 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Көп ұзамай Төтенше жағдайлар комитеті апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының командирі қаза тапқанын хабарлаған еді. Артынша, желіде Bek Air бортымен сөйлесудің жазбасы пайда болған. 

Ал бүгін әуе апатынан зардап шеккен алты адамның ауруханадан шыққаны хабарланды. Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастырады.

Шетел басылымдары Алматыдағы ұшақ апаты туралы қалай ақпарат таратты?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer