30 наурыз 2016 10:51

"Бек Эйр" ұшқыштарын марапаттау заңсыз - заңгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайында ұшақты алдыңғы шассисіз сәтті қондырып, 121 адамның өмірін сақтап қалған пилоттарды марапаттау заңсыз. Бұл туралы Facebook желісінде қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменов мемлекеттік сыйлықтар туралы заңды қарап шығып, ұшқыштардың ерлігінің заңдағы ешбір бапқа сәйкес келмейтінін айтып отыр. 


Астана әуежайында ұшақты алдыңғы шассисіз сәтті қондырып, 121 адамның өмірін сақтап қалған пилоттарды марапаттау заңсыз. Бұл туралы Facebook желісінде қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүлейменов мемлекеттік сыйлықтар туралы заңды қарап шығып, ұшқыштардың ерлігінің заңдағы ешбір бапқа сәйкес келмейтінін айтып отыр. 

Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Заңына сәйкес, ҚР азаматтары Республика алдындағы үлесі үшін, мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық, еңбек және әскери ерліктері үшін мемлекеттік сыйлықтармен марапатталады. Қазақстан Республикасынеың сыйлықтары - "Алтын Қыран" ордені, "Халық Қаһарманы" атағы, "Қазақстанның Еңбек Ері", сонымен қатар ордендер, медальдар, құрмет белгілері және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы. 

"Әрбір сыйлық арнайы жағдайларда беріледі. "Мысалы, "Халық Қаһарманы" атағы Қазақстан Республикасына зор еңбегі үшін, бостандық пен тәуелсіздігі үшін жасалған әскери ерліктер үшін беріледі. Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі. "Даңқ" орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлepi мен әскери құрамаларынын жоғары офицерлік құрамының, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayinciздік, iшкі істер және басқа органдар басшы құрамының адамдары әскерлерге басшылық ету мен басқарудағы табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін,әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қayincіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады. Яғни ұшқыштарды марапаттауға бірде-бірі сәйкес келмейді", - дейді Жангелді Сүлейменов.

Адвокаттың пікірінше, ұшқыштар өз ерліктері үшін "Ерлігі үшін" медалін, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Ерен еңбегі үшін" және "Шапаған" медальдарын алуы мүмкін. Алайда, Сүлейменовтің мәліметінше, марапаттаудың белгілі бір шарттары бар.

"Ерлігі үшін" медалімен марапаттауға болатын сияқты, бірақ Заңда қауіпті жағдайлардағы (суда, өртте, апат жағдайларында) адам өмірін сақтап қалумен байланысты батылдығы және жанкештілігі үшін, қылмыспен күрес үшін марапатталады. Жақша ішінде көрсетілген жағдайлар ұшқыштардың жағдайына келмейді. Бір таңғаларлығы, заң ерліктің басқа жағдайлардағы көрінісін шектейді, бірақ ерлік басқа жағдайларда да көрінеді ғой. Әрине, батыл ұшқыштарды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттауға болады, бірақ ол сәл-пәл заңсыздау болады. Қандай жағдай болса да, бұл медальді марапаттаудың ережесін өзгерту керек немесе жақша ішіндегі сөздерді алып тастап, тіпті болмаса жақша ішіне "тағы да басқа жағдайларда" деп өзгеріс енгізу керек", - деп есептейді Сүлейменов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети