27 қаңтар 2021 17:46

Бекшин Алматы неге "қызыл" аймаққа өткенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа өту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа өту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуі 31 желтоқсанда басталды, ол кезде бір тәулікте 110 жағдай тіркелген. 

Бекшин барлық жұқпалы аурулардың, оның ішінде коронавирустың эпидемиологиялық процесі бірде көтеріліп, бірде азаятынын атап өтті. Алматының бас санитар дәрігері COVID-ке қатысты жағдай қалай өзгергенін айтты.

"Былтыр пандемия басталған кезде сәуірдің өзінде 969 жағдай тіркелді. Жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың шілдесінде болды, ол кезде алты мыңнан аса жағдай тіркелді, ал азайған сәт 2020 жылдың қыркүйегі - 165 жағдай. Яғни, біз екінші толқынға жақын тұрмыз. 8 желтоқсаннан бастап Алматы "сары" аймақта, "жасылға" ақын болды. Бірақ 31 желтоқсаннан бастап вирус жұқтырғандар көбейе түсті, осы кезеңде бір күнде 110 жағдай тіркелді және 24 қаңтарда күніне 132 жағдайға дейін өсті", - деді Жандарбек Бекшин.

Қазіргі уақытта Алматы матрицада "сары" аймаққа жақын тұр. Бекшиннің айтуынша, вирус жұқтырғандардың көбеюі Жаңа жыл қарсаңында және жаңа жылдан кейін тоқтамаған тәртіпбұзушылықтармен түсіндіріледі. 

"КВИ жағдайларын зерттеу нәтижесінде науқастардың 40 пайызы қоғамдық орындарда, 28 пайызы, яғни екінші орында отбасы мүшелерінен жұқтырғаны анықталды. Үшінші орын - қоғамдық көліктерде, бұл жағдайлардың 20 пайызы. Біз қаңтарда отбасылық іс-шаралар, яғни той, туған күндер және тағы басқаларының көбейгенін көріп отырмыз. Мұның бәрі ауру жұқтырудың өсуіне әкелді. Сондай-ақ, қаңтарда кинотеатрлар мен театрларға барған адамдардың ауырғаны туралы оқиғалар болды", - деп толықтырды Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети