09 қыркүйек 2021 14:15

Бекшин бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупін ескертті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қауіпі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қауіпі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аралас инфекция, яғни тұмау және коронавирус жұқтыру кез келген адамға, әсіресе созылмалы аурулары бар 65 жастан асқан адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алдын ала вакцинаны салдырып алған дұрыс", - деді Жандарбек Бекшин.

Бірақ екі вакцина арасындағы аралықты сақтау керек. Оның айтуынша, егер адам коронавирусқа қарсы екпе алған болса, екі апта аралықты сақтауыңыз керек, кейін екінші вакцинаны алуға болады. Ал егер сіз алдымен тұмауға қарсы вакцинаны салдырған болсаңыз, онда 2-4 аптадан кейін коронавирусқа қарсы вакцинаны ала аласыз.

Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдайды сипаттай отырып, босаңсуға әлі ерте екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, Алматыда оқу жылының басынан бері 89 оқушы коронавирус жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети