21 қазан 2021 14:52

Бекшин "Интернет профессорларды" тыңдамауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жандарбек Бекшин алматылықтарды "Интернет профессорларды" тыңдамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жандарбек Бекшин алматылықтарды "Интернет профессорларды" тыңдамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ өткен брифинг кезінде Алматының бас санитария дәрігері санитарлық қызмет штамдарды зерттеп жатқанын айтты. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша қалада 15 "дельта" мутациясы анықталған, олардың эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Бірақ талдау нәтижелері "дельта" штамының симптомдары өзгергенін көрсеткен. Егер бұрын бастапқы кезеңде диарея байқалса, қазір нейротоксикалық синдром басым. Науқастардың есте сақтау қабілеті нашарлайды, кейбіреулері есінен танып қалады, ал жазылғаннан кейін миға салдары да байқалады.

"Сондықтан арнайы білімі жоқ, тек "Интернет профессорларды" көретін адамдарды тыңдамауды сұраймын. Одан да ауырып жазылған адамнан кеңес алыңыз. Сонымен қатар, аурудан кейін пайда болатын асқыну бар", - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшин, ең алдымен, иммунологтар мен жұқпалы аурулар бойынша мамандардың кеңесіне жүгінуге және вакцинаны белсенді жүргізуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети