20 қазан 2020 13:02

Бекшин кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"26 қазанға дейін (кинотеатрлардың ашылуы мерзімі - ескерту) жеткілікті уақыт бар. Біз мұны тағы қарастырамыз. Соңғы екі күнде ауру өсімі байқалып отыр. Аурудың таралу коэффициенті бірден асты. Алдағы уақытта не болатынын тағы байқаймыз. Егер ауру көрсеткіші өссе, барлық қауіпті талқылап, кинотеатрлардың дайындығын жеке қарастырып, тиісті шешімді қабылдаймыз. Бұл шешім бірден қабылданбайды. Сіздер локдаун болғанын қаламайсыздар ғой?", - дейді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Алматыда эпиджағдай күрделене түсті - Бекшин

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин сауда үйлерінің жұмыс істеуіне де қатысты ойын айтты.

"Сауда және ойын-сауық орталықтарында балалар алаңдарының жұмыс істеу мәселесі қаралмайды. Онда балалар ойнайды. Вирус таралып жатыр. Оларға және жастарға үлкен қауіп төнуі мүмкін. Бутиктердің санитариялық талаптар бойынша жұмыс істеуін қадағалаймыз", - дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылатыны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети