28 желтоқсан 2021 11:28

Белгілі ғалым Жанар Мұстафина қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Ғабиденқызы Мұстафина Жанар Ғабиденқызы Мұстафина

Белгілі ғалым, республикаға еңбек сіңірген офтальмолог дәрігер, жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі ғалым, республикаға еңбек сіңірген офтальмолог дәрігер, жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті хабарлады.

"Белгілі ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина 86 жасында өмірден озды. Ол медицина мен ғылымға бар күш-жігерін арнады, ғылымға, ҚазҰМУ-де оқу-тәрбие ісін қалыптастыруға зор үлес қосты. Оның еңбегі республикада және одан тыс жерлерде лайықты бедел мен құрметке ие болды. Халық және мемлекет алдындағы қызметі "Парасат", "Құрмет белгісі", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" ордендерімен марапатталған. 

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері марқұмның туыстарының қайғысына ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Жанар Ғабиденқызының жарқын бейнесі, оның жігері, мейірімділігі, ұқыптылығы, парасаттылығы мен жан дүниесі оны танып, бірге жұмыс істеу бақытына ие болған жандардың жадында мәңгі сақталады", - делінген ҚазҰМУ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети