18 сәуір 2020 18:31

Белгілі журналист Арман Шораев ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді", - делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Арман Шораев - ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы - "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары - "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ бас директоры болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети