25 сәуір 2020 14:33

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com Сурет: facebook.com

Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Шораевтың өзі Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы тілдескенде айтты.


Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Шораевтың өзі Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы тілдескенде айтты.

"Қылмыстың болмауына байланысты тоқтады. Әзірге ештеңе айта алмаймын", - деді ол.

Арман Шораев - ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы - "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары - "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ бас директоры болған.

Еске салайық, 18 сәуірде белгілі журналистің ұсталғаны мәлім болған. Арман Шораевқа төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді деген айып тағылған. 

Кейін оның қолхатпен босатылғаны хабарланған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети