05 маусым 2015 11:05

Белградта Қазақстанның ресми өкілдігі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сербияда Қазақстан өкілдігі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сербияда Қазақстан өкілдігі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкілдіктің салтанатты ашылу рәсіміне Сербия Республикасына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков қатысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сапардың басты оқиғасы Сербия Республикасындағы Қазақстанның Құрметті консулы Миланка Каричтің ресми ұлықтау рәсімі болды.

"Осы тарихи сәттен Қазақстан Республикасының Сербия Республикасында дипломатиялық қатысуы басталады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Волков Белградта Сербия президенті Томислав Николичпен және осы елдің өзге де жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесті.

Сербия президенті саяси және іскер топтарында Қазақстан туралы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде тұрақты оң көзқарастың қалыптасқанын айтып, еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен төзімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілету салаларында Орта Азия өңірінде үлгілі елге айналғанын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында серб тіліндегі "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" кітабы таныстырылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети