Taiburyl қоғамдық ұйымы Алматыдағы терактіде қаза тапқан полицейлердің отбасына көмектесу үшін қанша қаражат жиналғанын айтты. Сондай-ақ, ұйымның атқарушы директоры Дәурен Тұрғымбаев Tengrinews.kz тілшісіне қайырымдылық акциясының арқасында 3,5 миллион теңгенің жиналғанын айтты.
Taiburyl қоғамдық ұйымы Алматыдағы терактіде қаза тапқан полицейлердің отбасына көмектесу үшін қанша қаражат жиналғанын айтты. Сондай-ақ, ұйымның атқарушы директоры Дәурен Тұрғымбаев Tengrinews.kz тілшісіне қайырымдылық акциясының арқасында 3,5 миллион теңгенің жиналғанын айтты.
"Қазіргі уақытта 3 693 856 теңге жиналды. 185 ақша аударымы болды. Олардың ішінде жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бар", - деді Дәурен Тұрғымбаев. Оның айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінен қаражат аударылып жатыр. "Ақша аударымдары Алматыдан, Алматы облысынан, Қарағандыдан және Астана қаласынан жасалып жатыр. Бүгінде ең көп соманы, яғни миллион теңгені жеке тұлға аударған. Көп жағдайларда адамдар олардың есімдерін атамауды сұрайды", - деді Тұрғымбаев. Сонымен қатар, ол қаза тапқан полицейлердің отбасына көмектесу үшін ақшаны 29 шілдеге дейін аудара алатынын айтты.
Сондай-ақ, Taiburyl қоғамдық ұйымы 19 шілдеде қаза тапқан полицейлердің отбасына ақша жинаудың басталғаны туралы айтқан болатын. Айта кетейік, ақшаны мына жолдармен аударуға болады:
1) жеке тұлғалар "Казкоммерцбанк" АҚ-на кез келген банктің картасынан "Ерау" модулі арқылы жібере алады. Бұл үшін сіз www.taiburyl.kz сайтына кіріп, "Жобаны қолдау" бөліміне кіріп, "Қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек" деген жерді белгілейсіз;
2) www.kaspi.kz онлайн сервисін қолданушылар да қаражатты аудара алады. Бұл үшін kaspi.kz сайтына кіріп, "Төлемдер", кейіннен "Басқалар" бөліміне кіріп, "Қайырымдылық" батырмасына басып, "Taiburyl" қоғамдық ұйымын таңдайсыз.
3) ал заңды тұлғалар ақшаны мына реквизиттер арқылы аудара алады:
"KASPI BANK" АҚ
БИН "Taiburyl": 130840014532
ШОТ: KZ49722S000000866140 (KZT)
БИК: CASPKZKA
"Казкоммерцбанк" АҚ
БИН "Taiburyl": 130840014532
ШОТ: KZ509261501169513000 (KZT)
БИК: KZKOKZKX
Төлемнің коды: 119 "Қайырымдылық көмек".
Осы реквизиттер арқылы жеке тұлғалар да банк бөлімшелерінде ақша аудара алады.
Айта кетейік, жиналған қаражаттың нақты саны ақпарат құралдарында, сонымен қатар ұйымның ресми парақшаларында 2016 жылдың 10 тамызына дейін жарияланады. Байланыс телефоны: +7 707 997 8800, атқарушы директор Дәурен Тұрғымбаев.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.
Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды.
Сондай-ақ, 20 шілдеде Алматыда терактіден қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек те қоштасу рәсіміне қатысты. Ол барлық алматылыққа алғыс айтқан еді.
Айта кетейік, терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды. Ал бүгін 22 шілдеде Бауыржан Байбек Алматыдағы терактіден қаза тапқан Аян Ғалиевтың отбасына пәтер кілтін табыс етті. Айта кетейік, пәтер Алатау ауданы "Саялы" ықшамауданында орналасқан. Сондай-ақ, отбасына жөндеу жұмыстары мен жаңа пәтерде орналасуға көмектесені айтылады.