Белгісіз біреу Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен адам қағып өлтірген: полиция түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлеуметтік желіде қазақстандық шоу бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың жол талғамайтын көлігі адам қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қарағанды ​​облысының полициясы бұл жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде қазақстандық шоу бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың жол талғамайтын көлігі адам қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қарағанды ​​облысының полициясы бұл жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат Kokshetau Asia ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған. 

БАҚ мәліметінше, 34 жастағы ер адам жол апатына түсіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

"Артынша марқұмның туыстары қара Лексус қазақстандық шоу бизнес өкілі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін айтқан.

Марқұмның анасы жәбірленуші тарап ретінде оған деген алалаушылық автокөлік иесінің танымалдылығымен байланысты екеніне сенімді", - деп хабарлайды журналистер.

Қарағанды облысының полициясы оқиға былтыр қазан айында болғанын растады. 

"Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген "Лексус" көлігін тізгіндеген Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны түнгі уақытта Омарқұлов.Е есімді азаматты қағып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында сараптама жүргізіліп, нәтижесінде "Лексус" көлігінің жүргізушісі тас жолда келе жатқан жәбірленушімен соқтығысудың алдын ала алмаған. Одан бөлек, "Лексус" көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде сау болған, ал жәбірленуші орташа дәрежелі мас күйде болған. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - дейді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмаз Саламатов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer