НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Белсенді Талғат Аян бостандыққа шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Белсенді Талғат Аянның (Аянов) жазасы жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтөбе қалалық № 2 соты Талғат Аяновтың бас бостандығынан айыру үкімінің өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру арызын қарастырды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белсенді Талғат Аянның (Аянов) жазасы жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтөбе қалалық № 2 соты Талғат Аяновтың бас бостандығынан айыру үкімінің өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру арызын қарастырды. 

"Сотқа арыз берілген 2018 жылы 15 наурызда Т.Т. Аянов ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кесілген жазаның үштен бір бөлігін өтеген. Тәртібі дұрыс, жазасын өтеу барысында бекітілген тәртіпті бұзбаған, тәртіптік шараларға тартылмаған, қайта жақсы жақтарымен көрінген тұстары болған. Ол еңбек пен өткізілген шараларға белсенді түрде қатынасқан, тәртібі бірінші деңгейлі жақсы деген баға берліген, жазасын өтеу жеңілдетілген шарт бойынша өтеген. Ақтөбе қалалық № 2 соты 2018 жылы 13 сәуірде сотталушының арызын қанағаттандырды", - делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сот мәліметінше, Талғат Аянның өтелмеген мерзімі (үш жыл бір ай және 16 күн) бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып, пробационалдық бақылауда болады. 

2016 жылы Атырау қалалық № 2 соты Талғат Аянды ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiру" бойынша сотталған. 

Талғат Аян мен тағы бір белсенді Макс Боқаев жалпы режимдегі колонияда өтеуге бес жылға сотталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer