19 қазан 2017 11:35

Бензин қанша теңгеге дейін қымбаттайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев елде бензин қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев елде бензин қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта бензиннің белгілі бір деңгейде қымбаттап жатқанын байқап отырмыз. Бұл 165 теңге деңгейінде (АИ-92 литрі - Авт.) болады деп ойлап отырмыз. Бензин жеткізудегі дағдарыс құбылыстарының төмендеуімен ұсыныстар көбейіп, баға түсуі керек", - деді ол сенат отырысында.

Еске салайық, мұның алдында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензині қашан арзандайтынын айтқан еді. "Біз қазан айының соңында және қараша айының басында бензиннің орташа бағасы литріне 160-161 теңге болады деп есептеп отырмыз. Иә, бұл қымбат. Біраз біз онсыз Ресей Федерациясынан бензин жеткізе алмаймыз. (...) Қараша айында нарықта ресейлік бензин азайып, Павлодарда мұнай өндіретін зауыттар ащылып, барлық ұщ заыт жұмыс істейтін болады. Ал қараша айының екінші жартысында баға 161-162 теңгеден төмендеуі мүмкін", - деген еді энергетика министрі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети