Қазақстанда үстемдік жағдайын теріс пайдаланған және баға жөнінде келісім жасасқан, сонымен қатар жосықсыз бәсеке жасаған жанармай құю бекеттеріне айыппұл салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет басшысы Серік Жұманғарин өңірлерде АИ-92/93 маркалы бензин бағасын негізсіз көтермеуге және отынға қолдан жасалған тапшылық жағдайына жол бермеуді тапсырды. "Кәсіпкерлерге АИ-92/93 маркалы бензинге бағаны өздігінен анықтауға берілген мүмкіндікті ескере отырып, монополияға қарсы ведомствоның өңірлік бөлімшелері монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қатаң түрде бақылауға алу керек. Мұнда мәселе бірінші кезекте жанармай құю бекет иелерінің нарықтағы жекелеп сатудағы өздерінің үстемдік жағдайын теріс пайдаланбауы болып отыр", - деп атап өтті Жұманғарин.
Еске сала кетейік, бүгін баспасөз мәслихаты кезінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің елдің отын нарығындағы тапшылықты болдырмау мақсатында АИ-92 маркалы жанар-жағар май
бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдағанын хабарлады. Өз кезегінде энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екендігін болжады.
Артынша Астанадағы кейбір жанармай бекеттері бензин бағасын 18-22 теңгеге қымбаттатып жіберді. Алайда бірнеше минуттан кейін баға көрсеткіштері қайта қалпына келтірілді. Ал Алматыда жанармай бағасы көтерілген жоқ.